Түйе шаруашылығын дамытуда қандай қиындықтар бар?

16:44, 28 маусым 2024

© Сурет: pixabay

Түркістан облысы, Созақ ауданында 100-ге жуық қожалық түйе шаруашылығын дамытып, қымыран баптап, еліміздің түкпір-түкпіріне шұбат жөнелтіп отыр.

Аймақтағы ойсылқара төлінің 9 мыңы аналық басқа жетіп, қазір мыңға жетеғабыл түйе сауылады. Осылайша ауыл тұрғындары ата кәсіпті дамытуға күш салуда, деп жазады qazaqstan.tv.

Созақ ауданының табиғаты түйе бағуға өте қолайлы. Оның үстіне шөлейтті жерде апталап су ішпей жүре беретін қос өркештілерге теріскейдің ащы, сортаңды шөбі таптырмас азық. Мәселен Сызған ауылында тұратын Нысанбаевтар отбасы түйе шаруашылығын кәсіп етіп, түйенің төлін 300-ден асырған.

Қазір қожалықта 23 аналық бас сауылып, күніне жүз литр сүт береді. Дайындалған шұбат аудан орталығы мен жақын маңдағы ауылдарға сатылады.

"Жазда жақсы береді. Оу көктемге дейін сауа береміз. Қоспа дейді, нар дейді. Сондайға бөлінеді. Жақсы сүттерін береді. Кейбіреуі емге сатып алады. Тойға сұрайды. Соған апарып береді 40-50 литр." Күләш Маханбетова, Сауыншы

Түйе өсірудің де өз қиындықтары бар дейді шаруа. Мәселен түйенің түбіті шетелде сұранысқа ие болғанымен, біздің елімізде оның жүні далада шашылып жатыр. Етін де ала бермейді. Тек шұбатын ғана жұрт көп тұтынады.

"Созақ ауданы сүтке толды почти. Уже еш жер өтпейді. Өйткені бүкіл жерле сұраныс аз. Себебі көп қой. Біз сияқты оншақты шаруашылық бар. Сол себепті біз осы Созақ ауданынан шағын сүт зауытын ашып берсе деген мемлекеттен қолдау керек болып тұр қазір. Бүкіл сүттің бәрін даже экспортқа жіберуге біз мүмкіндік алатын едік." Бекзат Дүйсенбек, Шаруа

Созақ өңірінде соңғы жиырма жылда түйе саны екі есеге артып, 17 мың басқа жеткен. Бүгінде 100-ге жуық түйе шаруашылығы бар.

Олардың әрқайсысы 100-ден 300-ге дейін түйе ұстайды. Мыңнан астам ойсылқара тұқымы сауылады. Ауданда тәулігіне 3 тоннаға жуық қымыран өндіріледі. Ал, Түркістан облысында түйенің саны 45 мыңнан асқан.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!