Қырғызстанда қаза тапқан жерлестеріміздің денесін елге жеткізу: ҚР ТЖМ мәлімдеме жасады

09:24, 30 маусым 2024

© Сурет: видеодан алынды

Қазақстан Респубикасы ТЖМ-ның баспасөз қызметі сел тасқыны салдарынан қаза тапқан отандастарымыздың денелерін тасымалдау үшін Ош қаласына әуе кемесін жіберу мәселесі пысықталып жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ош облысының Ноқат ауданы Абшыр-Ата ауылында сел тасқынының салдарынан Қазақстанның кәмелетке толмаған екі азаматы қаза тапқаны, сондай-ақ тағы екеуі хабар-ошарсыз кеткені нақтыланады.

"Қазақстан мен Қырғызстан ТЖМ басшылары орын алған табиғи сипаттағы ТЖ салдарынан кейін тікелей байланыста. Барлық қажетті үйлестіру және ақпарат алмасу жұмыстары жүзеге асырылуда", делінген ведомство хабарламасында.

Бұған дейін қырғыз елінде сел жүріп, жеті адам қаза тапқаны, Ноқат ауданында ТЖ режимі жарияланғаны хабарланған. Кейіннен қаза тапқан азаматтар арасында қазақстандықтар балалар бары туралы белгілі болды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!