Си Цзиньпин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

12:01, 30 маусым 2024

© Сурет: rg.ru

2024 жылғы 2-4 шілде күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды Zakon.kz

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Сондай-ақ Қытай көшбасшысының Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысына қатысатыны да нақтыланады.

Айта кетсек, 3-4 шілде күндері Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтеді. Бұл туралы 5 маусымда Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!