Бүгін елордада жаңа бағдардағы автобус жолға шықты

11:17, 30 маусым 2024

© Сурет: "CTS" ЖШС

Бүгін, 30 маусымда "Агроқалашық" ТА – Хусейн бен Талал көшесі бағытында жаңа бағдардағы № 58 автобус жолға шықты. Жаңа бағдарға барылық саны 15 автобус қарастырылған. Қатынау аралығы 9-20 минутты құрайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Жаңа бағдардағы автобус ҚР Ұлттық мұражайы, Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайы, "Әзірет Сұлтан" мешіті, Отан қорғаушылар монументі, Самал ықшам ауданы және әл-Фараби даңғылын (Nova City, Comfort Town, Capital park. Flowers, Zhana Omyr) қамтиды", делінген "CTS" ЖШС хабарламасында.

Бағдардың іске қосылуы:

  • "Агроқалашық" тұрғын алабына көліктік қызмет көрсетуге;
  • Тәуелсіздік даңғылының жаңа көпірі арқылы қозғалысты жақсартуға;
  • Тәуелсіздік, Республика және әл-Фараби даңғылдарын көліктік байланыспен қамтамасыз етуге;
  • №№2, 3, 4, 4А, 15, 15А, 31 бағдарларының жүктемесін азайтуға ықпал етеді.
"Оған қоса Күмісбеков көшесінің Кенесары көшесінен Тілендиев даңғылына дейінгі аралықта қызмет көрсетуді жүзеге асырады. Бұған дейін Күмісбеков көшесінің Сейфуллин көшесінен Тілендиев даңғылына дейінгі аралықта қоғамдық көлік жүрмеген еді", делінген хабарламада.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!