Өзбекстанда бұқаралық іс-шараларда тегін тауар таратуға тыйым салынды

14:27, 30 маусым 2024

© Сурет: видеодан алынды

Өзбекстан үкіметі тегін тауар тарату арқылы азаматтарды бұқаралық іс-шараларға жаппай таратуға тыйым салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өзбекстан Премьер-министрі Абдулла Арипов осындай қаулыға қол қойды. Құжат жарнама, акция және басқа мақсаттар аясында азық-түлікті, тауарларды, тауарлық-материалдық құндылықтарды тегін тарату немесе оларды тым төмен бағамен сату арқылы азаматтарды бұқаралық іс-шараларға жаппай тартуға тыйым салуды қарастырады.

Айта кетсек, 1 маусымда Өзбекстан астанасының мыңдаған тұрғындары мен қонақтары 20 мың жұмсақ ойыншық тегін таратылып жатыр дегенді естіп "Ашхабад" саябағына қарай ағылған. Метро станциясы, саябақ және саябақтың іші адамдарға лық толып, ал сол маңдағы көшелерде 10 балдық жол кептелісі туындады. Акцияның күшін жоюға тура келді, ал ішкі істер органдарының қызметкерлері адамдарды таратуға мәжбүр болды. Саябақтың директоры, оның орынбасары және жарнама бөлімінің басшысы бұқаралық іс-шаралар ережелерін бұзғаны және басқа да құқық бұзушылықтары үшін 15 тәулікке қамауға алынды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!