Әзірбайжанда туысқан адамдардың бір-біріне үйленуіне тыйым салынды

13:56, 30 маусым 2024

© Сурет: freepik

Әзірбайжанның Милли мәжілісі (Парламенті) 2024 жылдың 28 маусымында жақын туыстары арасында қиылатын некеге тыйым салатын өзгерістер енгізілген Отбасы кодексі үшінші және соңғы оқылымда қабылданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, некеге кедергі келтіретін жағдайлар бойынша Кодекс баптарына екі тармақ қосылды:

  • биологиялық атасы немесе әжесі ортақ, бір кіндіктен тараған бауырлардың балалары арасындағы одақтарға тыйым салу;
  • биологиялық туыстығы бар немере ағалар мен немере әпкелер арасындағы некеге тыйым салу.

Сондай-ақ, Отбасылық кодекстен дәлелді себептер болған жағдайда некеге тұрғысы келетін кәмелетке толмағандар үшін неке жасын бір жылға төмендету туралы тармақ алынып тасталды.

"Көп жағдайда қолданыстағы бұл заңнамалық норма кәмелетке толмағандардың құқықтары мен бостандықтарының шектелуіне әкеліп соғып жатады, өйткені дәлелді себептер қандай критерийлер бойынша анықталатыны анық көрсетілмеген", – деп түсіндірді Әзірбайжан Парламенті.

Естеріңізге сала кетейік, Әзірбайжандағы некелесуге 18 жаста рұқсат беріледі. 28 маусымда Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев парламентті таратып, сайлау күнін белгілегені белгілі болды. Сайлау 2024 жылдың 1 қыркүйегінде өтеді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!