Қарағанды облысында екі оқушы қыз суға батып кетті

11:30, 30 маусым 2024

© Сурет: Telegram/Патриот

29 маусымда Нұра өзенінде екі оқушы қыз суға батып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қайғылы оқиға Бұқар Жырау ауданының Қызылжар ауылында болған. Бұл туралы "Новый вестник" жергілікті басылымы өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.

Басылымның хабарлауынша, тоғызыншы сынып оқушылары шомылуға тыйым салынған жерде суға батып кеткен. Олардың жеке заттары жағада қалыпты. Оқиға болған кезде жақын жерде ересектерден ешкім болмаған. Болған оқиға туралы қос қызбен өзенге еріп барып, бірақ суға түсуден бас тартқан құрбылары хабарлады.

Куәгерлердің айтуынша, қыздар суға батқан жерде ағыны қатты су иірімі бар, ал жағадан төрт метр қашықтықтан кейін бірден терең ойпат пайда болады. Сағат 19: 00-де жедел құтқару жасағының күшімен 2011 жылы туған қыздың денесі табылып, судан шығарылды. 2009 жылы туған қызды іздеу жұмыстары әлі жалғасуда.

Бір күн бұрын ағайынды қос бала Павлодар облысындағы Торайғыр көліне батып кеткен.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!