ҰБТ-да 140 балл алған түлекті Ғылым министрі құттықтады

14:40, 30 маусым 2024

© Сурет: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ҰБТ-дан 140 балл жинаған Жаннұр Еңсебекті құттықтап, ата-анасына алғыс білдірді. Сондай-ақ министр өз сөзінде түлекті дайындаған ұстаздардың рөліне де тоқталып өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Жаннұрдың ҰБТ-да жоғары көрсеткіш көрсетуі – бұл еңбекқорлықтың, шыдамдылық пен ынтаның нәтижесі. Бұл ретте ата-ананың қолдауы, қамқорлығы мен балаға деген сенімін де айта кету керек. Сондай-ақ мұғалімдердің де кәсібиліктері мен жұмыстарына деген адалдықтарының арқасы. Бұл қуанышты сәт өміріңіздегі жаңа жетістіктер мен жеңістердің бастамасы болсын!", - деді Саясат Нұрбек өз сөзінде.


11 жыл үздік оқыған түлек – "Алтын белгіге" үміткер. Ол ҰБТ-ны "Математика-Информатика" комбинациясы бойынша Алматы облысының Есік қаласында тапсырған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!