Францияда парламенттік сайлау өтіп жатыр

13:28, 30 маусым 2024

© Сурет: freepik

2024 жылдың 30 маусымы, жексенбіде бүкіл әлем бойынша Француз сайлаушылары кезектен тыс парламенттік сайлаудың бірінші кезеңінде дауыс беруге кірісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Францияда Ұлттық Ассамблеяның 577 мүшесін сайлау процесі бүкіл ел бойынша және оның шетелдегі территорияларындағы жергілікті сайлау учаскелерінде өтіп жатыр.

7 шілдеде аяқталатын екі кезеңнен тұратын сайлау нәтижелері еуропалық қаржы нарықтарына, Украинаның Батысты қолдау және Францияның ядролық арсенал мен жаһандық әскери күштерді басқару мәселелеріне әсер етуі мүмкін.

Сайлау белгіленген уақытынан үш жыл бұрын болып отыр, яғни, Макронның "Қайта өрлеу" партиясы осы айдың басында Еуропалық Парламент сайлауында Марин Ле Пеннің оңшыл "Ұлттық бірлестік" (RN), партиясынан жеңілгеннен кейін үш аптадан соң. Бірінші дауыс беру кезеңі келесі жексенбіде аяқталады. Ол кезде әлсіз үміткерлер жолдан тайып, екінші турға кіл мықтылар өтеді. Әдетте, күрес екі үміткердің арасында жүреді. Кейбір үміткерлер одақтастары жеңіске жету үшін осы кезеңге қатысудан бас тартуды жөн көреді. Сайлаушылардың көпшілігі үш блоктың бірін таңдайды: RN бастаған оңшыл альянсты, Жаңа Халық майданы (NFP), жаңадан құрылған солшыл коалицияны және Макронның центристік "ансамблін".

RN блогын Ле Пеннің жекелей өзі таңдаған партияның 28 жастағы жетекшісі Джордан Барделла басқарады. Ол Ле Пеннің әкесі Жан-Маридің басқарған ондаған жылдар бойы кезеңінде нәсілшілдік пен антисемитизмге толы партияның имиджін жақсартуға тырысады. Бұл - партияға батыстық БАҚ берген баға

Сол қапталда бұрын бөлшектелген партиялар тобы жақында бірігіп, жаңа Халықтық майданды құрды. Ол 1936 жылы фашистердің билікке келуіне жол бермеген алғашқы Халықтық майданды жандандыруға арналған коалиция. Оған президенттікке үш рет үміткер болған және "Мойымайтын Франция" партиясының жетекшісі Жан-Люк Меланшон, сол секілді Place Publiquе тұлғасы Рафаэль Глюксман сияқты кіл мықты саясаткерлер кіреді.

Сонымен қатар, орнын босатып жатқан Францияның Премьер-министрі Габриэль Аттал, Макронның центристік альянсы атынан ұсынылуда. Сауалнамалар көрсеткендей, "Ұлттық бірлестік" кең қолдауға ие болып, парламентте басым орынға ие болу мүмкіндігі бар. Мұндай жағдайда Макрон 28 жастағы Ұлттық бірлестіктің президенті Джордан Барделланы премьер-министр етіп тағайындауы ықтимал.

Алайда Макрон 2027 жылға дейін, яғни президенттік мерзімі аяқталмайынша отставкаға кетпейтінін айтқан.

2024 жылдың 9 маусымында Макрон Ұлттық Ассамблеяның таратылатынын және мерзімінен бұрын сайлау өткізілетінін жариялады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!