Тоқаев Рыбакинаны «Барыс» орденімен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды
© Сурет: zakon.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаны "Барыс" орденімен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Президент теннисшіні құттықтауында айтты.
"Дүбірлі додадағы жеңісіңізді, теннистің дамуына қосқан үлесіңізді және аталған спортты елімізде насихаттауға сіңірген еңбегіңізді ескере отырып, Сізді ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойдым", - деді Тоқаев.
Еске салайық, мұның алдында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев теннисші Елена Рыбакинаны Эр-Риядта өткен WTA қорытынды турниріндегі жеңісімен құттықтағанын жазғанбыз.
Айта кетейік, теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өткен WTA қорытынды турнирінің финалында жеңіске жетті.
Қазақстандық спортшы финалда Беларусь өкілі Арина Соболенканы екі сетте де тізе бүктірді. Шешуші кездесу 6:3, 7:6 есебімен аяқталды.
Осылайша, Рыбакина әйелдер арасындағы жекелей сында WTA қорытынды турнирін жеңіп алған алғашқы қазақстандық теннисші атанды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:31, 11 тамыз 2026
Астанада полиция ер адамнан есірткінің 100-ден астам бір реттік дозасын тәркіледі
-
18:22, 11 тамыз 2026
Ақмола облысында ауылды сусыз қалдырған күдікті ұрылар ұсталды
-
18:09, 11 тамыз 2026
Магистратура грантына кімдер таласа алады
-
18:00, 11 тамыз 2026
Түркия жағажайларында ауқымды реформа жүргізіледі: туристер нені білуі керек
-
17:49, 11 тамыз 2026
43 градус ыстық, найзағай, бұршақ: 12 тамызда күн райы қандай болады





