Жаздың соңғы күндері: Қазақстанда жаңбыр соңы қарға ұласып, күн +35°C-қа дейін ысиды
© Фото: pixabay
Жаздың соңғы күндерінде Қазақстанда ауа райы күрт құбылады. "Қазгидромет" РМК мамандарының мәліметінше, елдің кей аймақтарында жаңбыр соңы сулы қарға ұласса, бірқатар өңірде ауа температурасы +35°C-қа дейін көтеріледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
25-27 тамызға арналған ауа райы болжамына сәйкес, циклон мен оған байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерінде күн райы құбылмалы болады.
"Найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Кей аудандарда нөсер жаңбыр, бұршақ және дауыл болуы мүмкін. 26-27 тамыз күндері түнде еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жаңбыр соңы сулы қарға ұласуы ықтимал", – делінген синоптиктер болжамында.
Ал жоғары атмосфералық қысым өрісінің ықпалында болатын Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде көбіне жауын-шашынсыз, құрғақ ауа райы сақталады.
"Жаңбырға қарамастан, ел аумағының басым бөлігінде ауа температурасы көтеріледі. Жаздың соңғы күндері көбіне жылы болады. Солтүстікте күндіз ауа температурасы +25...+32°C, орталық және оңтүстік өңірлерде +25...+35°C шамасында болады. Шығыста ауа температурасы +16...+24°C-тан +20...+31°C-қа дейін жоғарылайды", – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.
Бұған дейін синоптиктер 2026 жылғы 24 тамызға Қазақстанның барлық өңірінде дауылды ескерту жариялаған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:03, 24 тамыз 2026
Тоқаев Украина президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
-
15:56, 24 тамыз 2026
Студенттер жатақханасына орын бөлу тәртібі жаңарды
-
15:49, 24 тамыз 2026
24 тамыздағы сауда-саттықта валюта бағамдары қалай өзгерді
-
15:32, 24 тамыз 2026
Тоқаев Артур Ластаевты Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметіне қайта тағайындады
-
15:20, 24 тамыз 2026
Ермек Сағымбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы қызметінде қалды





