Мемлекеттік мекемелердегі кадрлық үдерістер цифрлық форматқа көшіріледі
© Фото: freepik
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы 2026 жылғы 18 тамыздағы бұйрығымен мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің цифрлық кадр жүйесінде кадрлық үдерістерді жүргізу қағидаларын бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қағидалар мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі кадрлық үдерістерді цифрлық кадр жүйесінде жүргізу тәртібін айқындайды.
Құжаттың талаптары:
- өзге цифрлық кадр жүйелерін пайдаланатын мемлекеттік органдарға;
- арнаулы мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен оның ведомствосының қарамағындағы мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілеріне;
- Ұлттық банк акционері, қатысушысы немесе сенімгерлік басқарушысы болып саналатын заңды тұлғаларға қолданылмайды.
Сондай-ақ қағидалардың күші мемлекеттік құпияларды қамтитын құжаттарға қатысты қолданылмайды.
Цифрлық кадр жүйесінің негізгі міндеттері:
- ұйымдардағы кадрлық үдерістерді автоматтандыру;
- кадрлық үдерістердің ашықтығын қамтамасыз ету;
- кадрлық теңгерімсіздіктер мен еңбек заңнамасын бұзу деректерін анықтау;
- ұйымдардың қызмет ерекшелігін ескере отырып, кадрлық үдерістерді орталықтандыру және біріздендіру;
- ұйымдардағы кадрлық ахуал туралы объективті мәлімет қалыптастыру;
- ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыру.
Ұйымдар жүйеге қызметкер туралы, оның жұбайы мен Қазақстан Республикасының азаматы болып саналатын жақын туыстарының ЖСН-дері туралы мәліметтерді енгізеді. Сондай-ақ қызметкер бұрын еңбек қызметін жүзеге асырған ұйымдардың БСН-дері немесе жеке кәсіпкерлердің ЖСН-дері және оны жұмысқа қабылдауға, еңбек қызметіне әрі еңбек қатынастарын тоқтатуға байланысты өзге де ақпарат көрсетіледі.
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қызметкер аталған мәліметтерді ұсына алмаған жағдайда, жұмыс беруші мүдделер қақтығысын анықтау мақсатында оларды цифрлық жүйелерден ала алады.
Жүйе тек қызметтік мақсатта пайдаланылады.
Ұйымдар барлық кадрлық үдерістерді "Бірыңғай кадр жүйесінде" (БКЖ) жүргізеді.
Олар кадрлық мәліметтердің дұрыстығын, толықтығын және өзектілігін қамтамасыз етуге міндетті. Жүйеде жұмысқа қабылдау, еңбек қызметін жүзеге асыру, ауыстыру, көтермелеу, тәртіптік жауапкершілікке тарту және еңбек қатынастарын тоқтатуға байланысты үдерістер рәсімделіп, есепке алынады.
Кадрлық үдерістер шеңберінде қалыптастырылған электрондық құжаттар Қазақстан заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде сақталады, архивке өткізіледі әрі жойылады. Бұл ретте олардың заңдық маңызы, сақталуы және түпнұсқалығын кейіннен растау мүмкіндігі қамтамасыз етілуге тиіс.
Бұйрық жекелеген нормаларды қоспағанда, 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі. Ал аталған нормалар 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:07, 25 тамыз 2026
Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды
-
09:51, 25 тамыз 2026
Land Rover, пәтер және жер телімдері: кәсіпкердің 1 млрд теңгелік мүлкі тәркіленді
-
09:45, 25 тамыз 2026
Студенттерді ауыстыру және оқуға қайта қабылдау тәртібі өзгерді
-
09:33, 25 тамыз 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Марфуға Айтхожаны 90 жасқа толған мерейтойымен құттықтады
-
09:33, 25 тамыз 2026
Тоқаев Марфуға Айтхожаны 90 жасқа толған мерейтойымен құттықтады





