Стоматолог кариесті ерте кезеңде емдеу тәсілін түсіндірді

12:48, 24 тамыз 2026
MKZ: 1563043

© Сурет: pexels

Стоматолог Артем Корякин кариес бастапқы кезеңде анықталса, яғни тіс эмалінде күңгірт ақ дақ пайда болған кезде, оны емдеп, әрі қарай дамуын тоқтатуға болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Лента.ru" басылымына берген сұхбатында ол мұндай дақтардың тіс эмаліндегі минералдардың азайғанын білдіретінін айтты.

Кариес бар-жоғын адамның өзі әрдайым анықтай алмайды. Себебі бастапқы кезеңдегі зақымдардың 80%-ға жуығы тістердің арасында, пломбалардың астында және тістің терең ойықтарында пайда болады.

Сондықтан маман стоматологқа жылына кемінде екі рет қаралуға кеңес береді. Ал кариес қаупі жоғары адамдар дәрігерге әр үш-төрт ай сайын барғаны дұрыс.

Кариес бастапқы кезеңде анықталса, әдетте тісті бұрғылаудың қажеті жоқ. Бұл жағдайда тіс эмалін қайта минералдандыруға көмектесетін арнайы құралдар қолданылады.

Үй жағдайында дәрігер құрамында фторы бар тіс пастасын қолдануды, тіс жібін пайдалануды және тәтті тағамдарды жиі жей бермеуді ұсынады.

Ескерту: жаңалықтардағы медициналық ақпаратты дәрігердің жеке тағайындауы ретінде қабылдауға болмайды. Қандай да бір шешім қабылдамас бұрын маманмен кеңесіңіз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!