Астанада жүргізуші куәлігінен айырылған азамат жол апатына ұшырап, қамауға алынды

09:17, 25 тамыз 2026
MKZ: 1563203

© Фото: unsplash

Астанада жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған ер адам 30 тәулікке қамалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елорда Полиция департаментінің баспасөз қызметі 2026 жылғы 25 тамызда мәлім еткендей, Мәңгілік Ел көшесінде Chery автокөлігінің жүргізушісі BYD көлігімен соқтығысып, оқиға орнынан қашып кеткен.

Жол-көлік оқиғасы бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Полиция қызметкерлері құқық бұзушыны анықтады.

Тексеру барысында оның бұған дейін көлік құралын басқару құқығынан жеті жылға айырылғаны белгілі болды. Алайда ер адам сот шешімін елемей, қайтадан көлік тізгіндеген.

Жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен оған 30 тәулікке әкімшілік қамақ жазасы тағайындалды.

Осыған ұқсас жағдай бұған дейін Алматыда болған. Көлік жүргізу құқығынан айырылған азамат полиция қызметкерлерінің көзінше рөлге отырып, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!