Тоқаев Марфуға Айтхожаны 90 жасқа толған мерейтойымен құттықтады

09:33, 25 тамыз 2026
MKZ: 1563201

© Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы ақын, Қазақстанның халық жазушысы Марфуға Айтхожаға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресми ақпаратты 2026 жылдың 25 тамызында Ақорданың баспасөз қызметі берді.

Президент ақынды 90 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, оның ұлттық әдебиет пен мәдениетті дамытуға қосқан елеулі үлесін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Марфуға Айтхожаның ғибратты ғұмырын қазақ поэзиясының өрісін кеңейтуге арнағанын, көрнекті ақын әрі қоғам қайраткері ретінде халықтың зор құрметіне бөленгенін жеткізді.

"Қазақтың дархан даласы мен тамыры терең тарихын, ұлтымыздың ынтымақ-бірлігі мен салт-дәстүрін өршіл де сыршыл өлеңдеріңізге арқау еттіңіз. Оқырман қауым жырларыңызды сүйсініп оқиды және өзіңізді "Қазақтың жыр Аққуы" деп ардақтайды", – делінген жеделхатта.

Мемлекет басшысы мерейтой иесіне алдағы уақытта да өнегелі өмірімен өскелең ұрпаққа үлгі болып, ел-жұрттың ортасында сый-құрметке бөлене беруіне тілектестік білдірді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!