Құрылтай депутаттарын сайлау: ОСК алдын ала қорытындыны жариялады
© Фото: Zakon.kz
Бүгін, 2026 жылғы 24 тамызда Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттарын сайлаудағы дауыс берудің алдын ала қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, Қазақстанда дауыс беру құқығына ие 12 623 289 азамат бар. Сайлауға 9 351 539-дан астам адам қатысқан. Бұл сайлаушылардың жалпы санының 74,08%-ын құрайды.
Алдын ала мәлімет бойынша, бес партия 5 пайыздық межеден өтті:
- "Әділет" – 71,17%;
- "Ауыл" – 6,26%;
- Respublica – 5,56%;
- "Ақ жол" – 5,21%;
- Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 5,11%.
- Қазақстанның Халық партиясы 3,11%, ал "Байтақ" жасылдар партиясы 1,07% дауыс жинады.
- "Барлығына қарсымын" нұсқасын сайлаушылардың 2,51%-ы таңдаған.
2026 жылғы 23 тамыз кешке ОСК төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман Қазақстандағы сайлау учаскелерінде дауыс беру аяқталғанын хабарлады. Оның мәліметінше, сағат 20:00-дегі жағдай бойынша 9 352 151 адам дауыс берген.
Ал 24 тамыз таңертең шетелде құрылған 79 учаскелік сайлау комиссиясының барлығы жұмысын аяқтады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:08, 24 тамыз 2026
Бала бір құлағының есту қабілетінен айырылды: дәрігер ауруханаға 2 млн теңгеге жуық өтемақы төлейді
-
12:48, 24 тамыз 2026
Стоматолог кариесті ерте кезеңде емдеу тәсілін түсіндірді
-
12:25, 24 тамыз 2026
Міндетті сақтандыру талаптары тұтынушылар үшін икемді әрі түсінікті болады
-
12:15, 24 тамыз 2026
Мемлекет басшысы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті
-
12:09, 24 тамыз 2026
24 тамызда Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарындағы валюта бағамы





