ШҚО-да ер адамнан ай сайын 150 мың теңге талап етіп келген күдікті ұсталды

19:48, 24 тамыз 2026
MKZ: 1563144

© Сурет: polisia.kz

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ақша бопсалау дерегінің жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тергеу мәліметтеріне қарағанда, биыл қаңтар айында күдікті жәбірленушінің сеніміне кіріп, одан ай сайын 150 мың теңге талап ете бастаған. Ол өз талаптарын қорқытып, психологиялық қысым көрсету арқылы жүзеге асырған.


"Өмірі мен денсаулығына қауіп төнгендіктен ер адам қаскөйге 100 мың теңге берген. Алайда заңсыз әрекеттер тоқтамай, бір уақыт өткен соң күдікті қайтадан ақша талап еткен", – делінген хабарламада.

Жедел-іздестіру іс шаралар нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ол облыс орталығының 23 жастағы тұрғыны болып шықты.

Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!