Тоқаев пен Кошта бірлескен мәлімдеме жасады
© Сурет: zakon.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Антониу Кошта бірлескен мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысы Еуропалық Кеңес президентімен өте нәтижелі келіссөз жүргізілгеніне, кездесу емен-жарқын, достық рәуіште әрі конструктивті сипатта өткеніне тоқталды.
"Қазақстан мен Еуропа Одағын өзара сенім мен түсіністікке негізделген жан-жақты ынтымақтастық байланыстырады. Біз көптеген мәселені қарастырып, серіктестігімізді жаңа әрі сапалы деңгейге шығаруға ниетті екенімізді растадық. Әлгінде айтқанымдай, президент Антониу Коштаның елімізге сапары Кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімнің 10 жылдығы қарсаңында өтіп отыр. Қазақстан – Орталық Азия елдерінің ішінде «жаңа буын» келісіміне қол қойып, ратификациялаған алғашқы ел. Бұл маңызды құжат екіжақты қарым-қатынастың өрбуіне негіз қалап, сауда, инвестиция, инфрақұрылым, инновация, мәдениет салалары секілді өзара ықпалдастықтың барлық басты бағыттарын қамтыған", - деді Мемлекет басшысы.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:42, 2 наурыз 2026
Таяу Шығыс аймағынан 4 мыңға тарта отандасымыз елге қайта алмай отыр - БАҚ
-
22:05, 2 наурыз 2026
Өскемен әуежайының экс-басшысы 8 жылға сотталды
-
21:33, 2 наурыз 2026
Үкіметте су тасқыны қаупінің деңгейі жоғары өңірлердің аты аталды
-
21:16, 2 наурыз 2026
Көкшетауда бүтін бір отбасы иіс тиіп, ауруханаға түсті
-
21:00, 2 наурыз 2026
«Көктайғақ, тұман, боран». Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды





