Қасым-Жомарт Тоқаев Марфуға Айтхожаны 90 жасқа толған мерейтойымен құттықтады
© Сурет: akorda.kz/qazaqadebieti.kz
Мемлекет басшысы ақын, Қазақстанның халық жазушысы Марфуға Айтхожаға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ресми ақпаратты 2026 жылдың 25 тамызында Ақорданың баспасөз қызметі берді.
Президент ақынды 90 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, оның ұлттық әдебиет пен мәдениетті дамытуға қосқан елеулі үлесін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Марфуға Айтхожаның ғибратты ғұмырын қазақ поэзиясының өрісін кеңейтуге арнағанын, көрнекті ақын әрі қоғам қайраткері ретінде халықтың зор құрметіне бөленгенін жеткізді.
"Қазақтың дархан даласы мен тамыры терең тарихын, ұлтымыздың ынтымақ-бірлігі мен салт-дәстүрін өршіл де сыршыл өлеңдеріңізге арқау еттіңіз. Оқырман қауым жырларыңызды сүйсініп оқиды және өзіңізді "Қазақтың жыр Аққуы" деп ардақтайды", – делінген жеделхатта.
Мемлекет басшысы мерейтой иесіне алдағы уақытта да өнегелі өмірімен өскелең ұрпаққа үлгі болып, ел-жұрттың ортасында сый-құрметке бөлене беруіне тілектестік білдірді.
Марфуға Айтхожа 1936 жылғы 25 тамызда Қытай Халық Республикасының Құлжа қаласында дүниеге келген. Ол – көрнекті ақын, Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері, ерекше дарын иесі ретінде халықтың зор құрметіне бөленген тұлға.
Ақын "Балқұрақ" (1962), "Шындығы жазу" (1964), "Жастық шақ" (1968), "Аққуым менің" (1971), "Қаракөз айым" (1973) және басқа да 40-тан астам жинақтың авторы.
Орыс тілінде "Горсть земли" (1975), "Утверждение" (1985), "Струна степей" (Мәскеу, 1978), "Укрощение коня" (1985), "Художественная литература" (1985), "Летние росы", "Советский писатель" атты жеті кітабы жарық көрген.
Ақынның өлеңдері мен поэмалары әлемнің 40-тан астам тіліне аударылып, басылып шыққан. Оның көптеген өлеңіне Қазақстан мен басқа елдердің композиторлары ән жазған.
Бір күн бұрын, 24 тамызда Президент Қазақстан құрамасын жастар арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жетуімен құттықтады. Ғабит Расулхан кадеттер арасында дзюдодан әлем чемпионы атанды, Фатима Сұпығалиева әлем чемпионатында Қазақстан құрамасына екінші алтын медальді алып берді, ал Әділжан Жаудинов үшінші "алтынды" жеңіп алды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:33, 25 тамыз 2026
Астанада Уәлиханов көшесінде көлік қозғалысы шектеледі
-
10:23, 25 тамыз 2026
Қазақстанда бір тәулікте бес орман өрті тіркелді
-
10:14, 25 тамыз 2026
Шымкентте газ құбыры жанында жүк көлігі өртенді
-
10:07, 25 тамыз 2026
Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды
-
09:51, 25 тамыз 2026
Land Rover, пәтер және жер телімдері: кәсіпкердің 1 млрд теңгелік мүлкі тәркіленді





