Тоқаев: «Қырғыз бен қазақтай бір-біріне жақын халық жоқ»

12:42, 19 сәуір 2024

© Сурет: akorda.kz

19 сәуірде Тоқаев пен Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров шағын құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы Қырғызстан Президенті сапарының екі тарап үшін де мән-маңызы айрықша екенін атап өтті.

"Бүгін біз Одақтастық қатынастарды нығайту және кеңейту туралы тарихи келісімге қол қоямыз. Осы маңызды құжат қазақ-қырғыз байланыстарының дамуына тың серпін беретініне сенімдімін. Ел аузында "Қырғыз бен қазақтай бір-біріне жақын халық жоқ" деген сөз бар. Бұл – дұрыс айтылған тұжырым", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Тоқаев: "Қырғыз бен қазақтай бір-біріне жақын халық жоқ", сурет - Zakon.kz жаңалық 19.04.2024 12:42

Сурет: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-қырғыз қатынастарының қарқынды дамып келе жатқанына назар аударды. Президенттің пікірінше, бұған белсенді саяси диалог, үкіметаралық және парламентаралық тығыз байланыстар ерекше серпін беріп отыр.

– Екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық жылдан-жылға нығайып келеді. Былтыр өзара тауар айналымы 1,5 миллиард долларға жетті, яғни 26 пайызға өсті. Алдағы мақсатымыз алыс-беріс көлемін 2 миллиард долларға жеткізу. Сонымен қатар осы бағытта болашағы зор бірқатар жоба қолға алынды. Жалпы, сауда-экономикалық саладағы уағдаластықтар орындалып жатыр, – деді Мемлекет басшысы.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!