Тоқаев Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы туралы айтты
© Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан-Қытай» инвестициялық форумында Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы айтты.
Бүгінде қазақ-қытай қарым-қатынасы сапалық тұрғыдан жаңа деңгейге көтерілді деп айтуға болады. Бұл құрметті Төраға Си Цзиньпин мырзаның тікелей қолдауының арқасы деп айтсақ, артық болмас. Біз мәңгілік дос әрі сенімді серіктес ретінде ынтымақтастығымыздың жаңа "алтын 30 жылдық" кезеңіне қадам басып жатырмыз. Жалпы, Қытай – Қазақстанның ең ірі сауда серіктесі. Былтыр екі елдің тауар айналымы рекордтық межеге жетіп, 50 миллиард долларға жуықтады. Үкіметтеріміз бұл көрсеткішті 100 миллиард долларға дейін жеткізу үшін белсенді жұмыс істеп жатыр. Инвестиция саласындағы ынтымақтастығымыз да тұрақты дамып келеді. Қытай Қазақстан экономикасына 29 миллиард доллардан астам қаржы құйды. Осылайша, еліміздің аса ірі инвесторларының біріне айналды. Қазір Қазақстанда Қытайдың қатысуымен 9 мыңнан астам кәсіпорын табысты жұмыс істеуде, – деді Мемлекет басшысы.
Президент өнеркәсіп, цифрландыру, "ақылды қалалар" мен спутниктік технологияларды дамыту, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы серіктестік дәйекті түрде нығайып келе жатқанын жеткізді.
Іскерлік байланыстардың кеңеюіне елдеріміз арасында орнаған визасыз режим де елеулі үлес қосты. Қазіргі кезде Қазақстанда қомақты инвестиция тартып, ірі жобаларды іске асыруға барынша оңтайлы жағдай жасалған деп сеніммен айтуға болады. Биыл 1 шілдеде күшіне енген Конституциямыздың негізгі ережелері еліміздің инвестициялық әлеуетін нығайтуға мықты құқықтық негіз қалады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысының айтуынша, инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау екіжақты ынтымақтастықты дамытуға құқықтық тұрғыдан ықпал етті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:45, 25 қыркүйек 2026
Каспийде қаза тапқан офицердің денесі әскери ұшақпен Түркістанға жеткізілді
-
14:39, 25 қыркүйек 2026
Қазақстан мен Қытай арасында бірқатар инвестициялық жоба бойынша келісімдерге қол қойылды
-
14:26, 25 қыркүйек 2026
Смоленск түбінде қаза тапқан қазақстандық сарбаздың тағдыры 85 жылдан кейін анықталды
-
14:15, 25 қыркүйек 2026
Каспийде қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына көмек жинаудың бірыңғай операторы анықталды
-
14:02, 25 қыркүйек 2026
Каспийдегі қайғылы оқиға: вице-президент Ерлан Қарин қазақстандықтарға үндеу жасады





