Мемлекет басшысы Маңғыстау облысында әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты көңіл айтты
© Фото: akorda.kz
2026 жылдың 24 қыркүйегінде Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысында әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорданың баспасөз қызметі берген ақпаратқа сай, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезіндегі қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстарына көңіл айтты.
Мемлекет басшысы Үкіметтік комиссияға оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қажетті шаралар қабылдауды және қайтыс болған жандардың отбасына көмек көрсетуді тапсырды.
Бұған дейін Маңғыстау облысында Қарулы күштердің Әскери-теңіз күштері өткізген оқу-жаттығу кезінде, Каспий теңізінің жағалауында оқу-жауынгерлік тапсырманы орындау барысында ауа райы күрт нашарлап, жел күшейгендіктен 19 әскери қызметшіні теңізге ағызып әкеткені хабарланған еді.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, тоғыз әскери қызметші қаза тапқан, үшеуі құтқарылған, олардың бірі ауруханаға жатқызылған. Қалғандарын іздеу жұмыстары жүріп жатыр. Оқиға орнына қорғаныс министрі Дәурен Қосанов бастаған министрлік комиссиясы шұғыл аттанды.
Бас прокуратура Ақтау гарнизонындағы оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеліп жатқанын мәлімдеді. Сондай-ақ жедел-тергеу тобы құрылды.
Кейін Маңғыстау облысында әскери қызметшілердің қаза табу себептерін анықтау үшін Үкіметтік комиссия құрылғаны белгілі болды. Комиссияны Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басқарды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:56, 24 қыркүйек 2026
Тұмау мен ЖРВИ: Астанада кімдер тегін екпе ала алады
-
17:48, 24 қыркүйек 2026
Ұлдана Мырзуанның өлімі: МИБ төрайымы адвокаттары қайғылы оқиғаға қатысты өз нұсқаларын жариялады
-
17:17, 24 қыркүйек 2026
Астанада тұмау мен ЖРВИ жұқтырушылар саны артып барады
-
17:09, 24 қыркүйек 2026
Бүкіл еліміз бойынша ІІМ заңсыз граффити салуға қарсы жұмысты күшейтті
-
16:57, 24 қыркүйек 2026
БАҚ пен әлеуметтік желілердегі балағат сөз үшін жаза: Мәдениет министрлігі жаңа норманы түсіндірді





