Каспийдегі оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза табуы: Үкіметтік комиссия құрылды
© Сурет: gov.kz
Бүгін, 2026 жылғы 24 қыркүйекте Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза табу себептерін анықтау үшін Үкіметтік комиссия құрылды. Оны Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басқарады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы ҚР Үкіметінің Telegram-арнасында жарияланды:
"ҚР Премьер-министрінің өкімімен Маңғыстау облысында оқу-жаттығу барысында әскери қызметшілердің қаза табу себептерін тергеп-тексеру жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды. Оның құрамына қорғаныс министрі, Маңғыстау облысының әкімі, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, төтенше жағдайлар, денсаулық сақтау, көлік министрліктерінің басшылығы, Бас әскери прокурор және Шекара қызметінің өкілдері кірді".
Үкіметтік комиссияға Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев төрағалық етеді.
"Премьер-министр Олжас Бектенов комиссия төрағасы Қанат Бозымбаевқа төтенше жағдай орнына дереу барып, әскери қызметшілердің қаза табу себептерін жан-жақты тергеп-тексеру және қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсету жұмысын бастауды тапсырды", – деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.
Бұған дейін Маңғыстау облысында Қарулы күштердің Әскери-теңіз күштері өткізген оқу-жаттығу кезінде, Каспий теңізінің жағалауында оқу-жауынгерлік тапсырманы орындау барысында ауа райы күрт нашарлап, жел күшейгендіктен 19 әскери қызметшіні теңізге ағызып әкеткені хабарланған еді. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, тоғыз әскери қызметші қаза тапқан, үшеуі құтқарылған, олардың бірі ауруханаға жатқызылған. Қалғандарын іздеу жұмыстары жүріп жатыр. Оқиға орнына қорғаныс министрі Дәурен Қосанов бастаған министрлік комиссиясы шұғыл аттанды.
Бас прокуратура Ақтау гарнизонындағы оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеліп жатқанын мәлімдеді. Сондай-ақ жедел-тергеу тобы құрылды.
Бұдан екі күн бұрын, 22 қыркүйекте Қорғаныс министрлігі Каспий теңізінің қазақстандық секторында "Хазар қорғаны – 2026" оқу-жаттығуы басталғанын хабарлаған. Ведомствоның мәліметінше, Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығудың бірыңғай жоспары аясында өткізіліп жатыр.
Оған Әскери-теңіз күштері мен қосымша тартылған бөлімшелердің 500-ден астам әскери қызметшісі, жауынгерлік кемелер экипаждары, жағалаудағы бөлімшелер, сондай-ақ ҰҚК Шекара қызметінің Маңғыстау облысы бойынша Жағалау күзеті мен ҚР Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштерінің күштері мен құралдары қатысып жатыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:57, 24 қыркүйек 2026
БАҚ пен әлеуметтік желілердегі балағат сөз үшін жаза: Мәдениет министрлігі жаңа норманы түсіндірді
-
16:54, 24 қыркүйек 2026
Астанада үсік жүреді, Шымкентте найзағай ойнап, жаңбыр жауады: 25–27 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
-
16:50, 24 қыркүйек 2026
16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желіде тіркелуге неге тыйым салынуы мүмкін
-
16:47, 24 қыркүйек 2026
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысында әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты көңіл айтты
-
16:42, 24 қыркүйек 2026
Ұлытауда XXXIV республикалық «Ұлытау үні» фестивалі басталды





