Қазақстан мен Қытай арасында бірқатар инвестициялық жоба бойынша келісімдерге қол қойылды

14:39, 25 қыркүйек 2026
MKZ: 1568879

© Фото: Zakon.kz

Қазақстан-Қытай инвестициялық форумы аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен бірқатар инвестициялық жоба бойынша құжаттарға қол қойылып, тараптар келісімдерді алмасты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, Абай облысында электролиттік алюминий өндіретін зауыт пен қосалқы жел электр станциясын, сондай-ақ Семей қаласында ағаш жаңқалы тақтай өндіретін зауыт салу жөніндегі келісімдер жасалды.

Қазақстан мен Қытай арасында бірқатар инвестициялық жоба бойынша келісімдерге қол қойылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2026 14:39

Сурет: Ақорда

Сонымен қатар "Самұрық-Энерго", China Energy Overseas Investment және SANY Renewable Energy компаниялары арасында бірлескен жоба әзірлеу туралы келісімге қол қойылды.

"Kazakh Invest" пен Silk Road Finance Corporation Қазақстандағы перспективті инвестициялық жобаларды қаржыландыруға бағытталған арнайы инвестициялық қор құрудың негізгі шарттарын келісті. Қорды Астана халықаралық қаржы орталығының базасында құру жоспарланып отыр.

Қазақстан мен Қытай арасында бірқатар инвестициялық жоба бойынша келісімдерге қол қойылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2026 14:39

Сурет: Ақорда

Ақмола облысында жалпы қуаты 450 МВт жел электр станцияларын салу және жаңартылатын энергия көздері саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша келісім жасалды.

Шығыс Қазақстан облысында жеңіл және арнайы автокөліктер шығаратын жоғары технологиялық автомобиль өндірісі кешенін құру жобасы бойынша ниеттестік туралы келісімге қол қойылды.

Түркістан облысында карбамид тыңайтқыштарын өндіретін зауыт салу жөніндегі ынтымақтастық туралы келісім жасалды.

Алматы қаласы әкімдігі мен Guotai Junan Securities (Hong Kong) Limited компаниясы Гонконг қор биржасында "dim sum" форматында облигациялар шығаруды ұйымдастыру және сүйемелдеу бойынша өзара түсіністік туралы келісімге келді.

Қазақстан мен Қытай арасында бірқатар инвестициялық жоба бойынша келісімдерге қол қойылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2026 14:39

Сурет: Ақорда

Бұдан бөлек, Алматыда халықаралық брендке тиесілі қонақ үйі мен бизнес-орталығы бар көпфункционалды кешен салу жобасын іске асыру жөнінде келісім жасалды.

Сондай-ақ "Қазақстан Даму Банкі" мен China Construction Bank Corporation Astana Branch арасында Даму банкінің мақсаттарын, оның ішінде экономиканың басым салаларындағы инвестициялық жобаларды қаржыландыруға қажетті қаражатты тарту шарттарын айқындайтын келісімге қол қойылды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!