Тоқаев еліміздегі коронавирус пен пандемияға байланысты ойын айтты
Қазақстан Президенті Үкімет карантин режимін сақтау шараларын күшейтуге міндетті деп мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.
Денсаулық сақтау министрлігі мен барлық медициналық мекемелердің басты міндеті – өлім-жітім деңгейін ең төменгі шекке дейін түсіру. Үкімет азаматтардың карантин режимін сақтау жөніндегі шараларды күшейтуге міндетті. Онсыз пандемияға қарсы күресте жеңіске жету мүмкін емес.
Даңқты палуан, қоғам қайраткері Ж.Үшкемпіровтің қазасы туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Осы дерттен қайтыс болған азаматтардың қазасы қабырғама батты. Коронавирус пен өкпе қабынуы салдарынан қайтыс болғандардың саны әлі де жоғары.
Бүкіл әлемде пандемия өршіп тұр. Ол Қазақстанды да айналып өтпеді. Індет жүздеген еңбеккер мен зейнеткерді, қарттар мен жастарды, атақты азаматтарымыз бен қарапайым адамдарды арамыздан алып кетіп жатыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:56, 1 мамыр 2024
Қазақстандық дерби: Рыбакина отандасын жеңіп, Мадридтегі турнирдің жартылай финалына шықты
-
17:10, 1 мамыр 2024
Құлсарыда санитарлық тазарту басталды
-
16:33, 1 мамыр 2024
Қызылорда облысында Қазақстан халқының бірлігі күні «Бірлік» аллеясында ағаш егілді
-
16:16, 1 мамыр 2024
Қазақстанның 16 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
15:47, 1 мамыр 2024
Алматыдағы пәтерде шыққан өрт бір адам қаза тапты: тағы бір адам ауруханаға жатқызылды