Таразда 22 жасар жеті тіл меңгерген полиглот сарбаз борышын өтеуде

16:57, 15 қаңтар 2026

© Сурет: ҚР Ұлттық ұланы баспасөз қызметі

Тараз қаласындағы ҚР ІІМ Ұлттық ұланының "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығына қарасты 5513 әскери бөлімінің сарбазы қатардағы Бахтиярхан Тұрсынходжаев жеті тілді меңгерген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала ішінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету барысында ол азаматтармен қазақ, өзбек, әзірбайжан, орыс, түрік, ағылшын және француз тілдерінде еркін тіл табысады.

Белгілі болғандай, Бахтиярхан француз тілін әкесімен бірге Францияда болған кезінде меңгерген. Ол жерде архитектура бағыты бойынша білім алған.

Отбасының үлкені – Бахтиярхан 22 жаста. Айта кетерлігі, қарындасы да шет тілдеріне қызығып, бес тілді меңгерген.

Мерзімді әскери қызметін өтеп жүрсе де, ол оқуын тоқтатқан емес.

Қатардағы Тұрсынходжаевтың айтуынша, бір тілді меңгеру үшін оған орта есеппен екі-үш ай уақыт қажет.

Бахтиярханның жетістіктері тек тіл білімімен шектелмейді. Ол ушу-саньда спортынан спорт шебері, Қазақстан Республикасы чемпионатының қола жүлдегері. Спорт пен тіл үйрену – оның өмір салтының ажырамас бөлігі.

Бос уақытында Бахтиярхан қарулас достарына шағын тіл үйрену сабақтарын өткізіп, өз білімімен бөліседі. Бұл ол үшін басқа тілде ауызекі сөйлеу деңгейін жетілдіруге мүмкіндік болса, енді бірі үшін жаңа тілді меңгеруге жасалған алғашқы қадам.

Сурет: ҚР Ұлттық ұланы баспасөз қызметі

Бұған дейін қазақстандық студенттерге дипломдарды тану конвенциясын ратификациялау қандай пайда беретіндігін жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!