Астанада құқық қорғау органы қызметкеріне аңшылық мылтықтан оқ атылған
© Фото: zakon.kz
Желіде Астанада ер адам жүргізушінінің иығы мен мойын тұсын жарақаттағаны, сондай-ақ оны мылтық дүмбісімен ұрғаны, ал жәбірленуші өзін қорғау мақсатында шабуылдаушыны көлігімен қаққаны жайлы ақпарат тарады. Zakon.kz редакциясы түсініктеме алу үшін қалалық ПД баспасөз қызметіне жүгінді.
Расында, астаналық ер адам аңшылық мылтықпен кетіп бара жатқан көліктің жүргізушісіне оқ атып, одан соң оқиға орнынан ізін суытқаны белгілі болды.
"Болған оқиға туралы жәбірленуші "102" байланыс арнасына қоңырау шалып, хабарлады. Оқиға орнына полиция қызметкерлері дереу аттанды. Жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында 21 жастағы күдікті ұсталды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Мылтық тәркіленді", деп жауап берді полициядан.
Жәбірленуші құқық қорғау органы қызметкері екені және оқиға болған кезде еңбек демалысында болғаны нақтыланады.
ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы бойынша тергеу мүддесіне сай өзге де ақпараттар жария етуге жатпайды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:38, 16 ақпан 2026
Баста Ташкенттегі концертіне уақытында жете алмай, шоуды кейінге қалдырды
-
10:27, 16 ақпан 2026
Шайдоровтың жаттықтырушысы Олимпиадаға қалай дайындалғандарын көрсетті
-
10:18, 16 ақпан 2026
Алматы қаласының орталығында мейрамхананың жазғы террасасы сүрілді
-
10:07, 16 ақпан 2026
Алматыда Гиннестің рекордтар кітабына ұсынылатын 110 метрлік сырмақ әзірленуде
-
09:58, 16 ақпан 2026
Нұрлан Қоянбаев ауруханаға түсіп қалды





