Алматыда іздеуде жүрген күдікті ұсталды
© Фото: zakon.kz
Алматыда полиция қызметкерлері бопсалау және тонау деректері бойынша ауыр қылмыс жасады деген күдікпен іздеуде жүрген ер адамды қолға түсірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аталған қылмыс 2024 жылы жасалған. Тергеу деректеріне сәйкес, үш адамнан құралған топ қорқыту және күш қолдану арқылы шамамен 3 миллион теңге көлеміндегі ақшаны заңсыз иемденген. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, қылмысқа қатысы бар екі адам жедел түрде ұсталып, сот үкімімен жауапкершілікке тартылған.
Ал үшінші күдікті оқиға орнынан бой тасалап, кейіннен іздеуге жарияланған.
Жедел-іздестіру іс-шараларының кешені барысында іздеуде жүрген азаматтың жүрген жері анықталып, ол ұсталды.
"Күдікті бір жылдан астам уақыт бойы жасырынып жүрген. Мақсатты әрі жүйелі жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде оның орналасқан жері анықталды. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалып, заңда белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылады", - деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Данияр Мендебаев.
Полиция тергеуден және соттан жасырынған тұлғаларды анықтау және ұстау бағытындағы жұмыстарды жалғастырып жатыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:16, 15 қаңтар 2026
Павлодар облысындағы өрттен екі бала қаза тапты
-
19:51, 15 қаңтар 2026
Шығыс Қазақстан облысында полицейлер көлік ұрлаған жас жігітті ұстады
-
19:40, 15 қаңтар 2026
Лондонда өтетін «Арсенал» – «Қайрат» матчының билеттері сатылымға шықты
-
19:31, 15 қаңтар 2026
Екі алтын: Қазақстан құрамасы стенд атудан Азия чемпионатында бес медальға ие болды
-
19:25, 15 қаңтар 2026
Астанада жаңа Парламенттің негізгі өкілеттіктері талқыланды





