«40 градус аяз болады». Бейсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

22:30, 14 қаңтар 2026

© Сурет: pexels

Астана және Қазақстанның 16 облысында 15 қаңтарда дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Түнде Қызылорда облысының оңтүстігінде, орталығында қар жауып, күндіз жауын-шашын (көбіне қар), облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ болады, бұрқасын жүреді деп күтіледі. Түнде және күндіз облыстың орталығында, солтүстігінде шығыстан, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қызылордада 15 қаңтарда күндіз жауын-шашын (көбіне қар), көктайғақ болып, бұрқасын жүреді, кей тұста тұман түседі деп күтіледі. Түнде шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с қамтиды.

Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде көктайғақ болады, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, облыстың таулы аудандарындағы екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Шымкентте және Түркістанда 15 қаңтарда оңтүстік-батыстан шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында солтүстік- шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Алматыда және Қонаевта 15 қаңтарда түнде және таңертең тұман түседі деп болжанады.

Астанада 15 қаңтарда жолдарда көктайғақ болады деп күтіледі.

Күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде аздап қар жауады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Ақтөбеде 15 қаңтарда шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Маңғыстау облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, облыстың батысында, орталығында жаяу бұрқасын жүреді, облыстың солтүстігінде, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, орталығында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Ақтауда 15 қаңтарда көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді деп болжанады. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Атырау облысында қар жауып, көктайғақ болады, облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді, облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі деп болжанады. Облыстың солтүстігінде, шығысында шығыстан, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Атырауда 15 қаңтарда кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде қар жауып, бұрқасын жүреді, көктайғақ болады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Оралда 15 қаңтарда түнде және таңертең тұман түсіп, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде 23 м/с дейін жетеді. Қарағандыда 15 қаңтарда таңертең және күндіз жаяу бұрқасын жүріп, таңертең және күндіз солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с.

15-17 қаңтарда түнде Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында сынап бағаны 40 градус аязды көрсететіні болжанады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, орталығында солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 40 градус қатты аяз болады деп күтіледі.

Күндіз Ұлытау облысының батысында, оңтүстігінде қар жауып, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Жезқазғанда 15 қаңтарда солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, шығысында, орталығында солтүстік-батыстан, солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Жамбыл облысының таулы аудандарында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Таразда 15 қаңтарда кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.

Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Ақмола облысында жолдарда көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Көкшетауда 15 қаңтарда жолдарда көктайғақ болады деп күтіледі.

Бұған дейін синоптиктер 15 аңтарға арналған жалпы ауа райы болжамымен бөлісіп, Қазақстанның оңтүстігі мен батысында жел соғып, жаңбыр жауатынын ескерткен.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!