Ақтауда әскери қызметші қаза тапты

18:08, 15 қаңтар 2026

© Сурет: freepik

Ақтауда әскери қызметші жүк көлігінің астына түсіп, қаза болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі 15 қаңтарда оқиғаның 2026 жылғы 14 қаңтарда болғанын мәлімдеді.

"Ақтау гарнизонының Оймаша әскери полигонынан бөлімше қайтып келе жатқан кезде жол-көлік оқиғасы болды. Қолайсыз ауа райы — көктайғақ, көрінудің шектелуі және тәуліктің қараңғы уақытында КамАЗ автокөлігі келісімшарт бойынша әскери қызмет атқаратын, кіші сержант Г.-ны қағып кеткен. Алған жарақаттарының салдарынан әскери қызметші оқиға орнында көз жұмды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, болған жағдайдың барлық мән-жайы анықталып жатыр", - делінген хабарламада.

Қарулы күштер қолбасшылығы марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Оның отбасына қолданыстағы заңнамаға сәйкес қажетті көмек көрсетіледі.

Айта кетейік, 13 қаңтарда мерзімді әскери қызметші оқу-жаттығу атыстары кезінде әскери бөлімнің полигонында аяғынан оқ жарақатын алғанын хабарланған едік.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!