Жеңілдетілген несиеден үмітті 50-ге жуық елордалық алаяқтың тұзағына ілініп, 7 млн теңгеден қағылды
© Сурет: Zakon.kz
Елордалықтарға келтірілген материалдық шығын 7 млн теңгеден асады. Қазіргі таңда бұл дерек бойынша 50-ге жуық алаяқтық эпизод тіркеліп, олардың барлығы бір азаматтың әрекетімен байланысты екені анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алдын ала тергеу барысында күдіктінің азаматтардың сеніміне кіріп, банк арқылы жеңілдетілген несие рәсімдеп беремін деп уәде беріп, түрлі сылтаулармен ақшалай қаражат алғаны анықталды. Атап айтқанда, ол құжаттарды дайындау, банк қызметкерлеріне көмек көрсету, кепілдік рәсімдеу және өзге де қызметтерді сылтау етіп, жәбірленушілерден ірі көлемде ақша жинаған.
"Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Оның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бары тексеріліп жатыр. Тергеу аясында жәбірленушілердің саны артуы да мүмкін", деп хабарлайды Астана қалалық ПД баспасөз қызметі.
Полиция азаматтарға мемлекеттік және қаржылық бағдарламаларға қатысу кезінде барынша сақ болуды, несие рәсімдеу мәселелері бойынша тек ресми банктер мен уәкілетті ұйымдарға жүгінуді ескертеді. Бейтаныс тұлғаларға немесе делдалдарға ақша беру алаяқтыққа әкеп соғуы мүмкін.
Бұған дейін киберполицейлер Ақтөбедегі интернеттегі алаяқтың сыбайласын Павлодардан анықтағанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:41, 4 наурыз 2026
«Қар аралас жаңбыр жауады». Бейсенбіде еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды
-
19:58, 4 наурыз 2026
Әлемдегі жетекші әуе компаниялардың бірі Дубайға қатынайтын барлық рейстің тоқтатылғанын мәлімдеді
-
19:43, 4 наурыз 2026
Шымкентте қызметтік көлікті теуіп, полицейді бетінен ұрған жасөспірім сотталды
-
19:33, 4 наурыз 2026
Емтихансыз жүргізуші куәлігін алмақ болған қыз ірі сомасынан айырылып, алаяқтардың тұзағына ілінді
-
19:12, 4 наурыз 2026
Түркияда Иран ұшырған баллистикалық зымыран атып түсірілді





