Таиландтағы тағы бір қайғылы оқиға: жолаушылар пойызы апатқа ұшырап, отқа оранды
© Фото: zakon.kz
Бангкок – Убон Ратчатхани жолаушылар пойызы құрылыс кранына соғылып, рельстен шыққан. Салдарынан бірнеше вагонда өрт болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Thai PBS телеарнасының хабарлауынша, кран пойыз жүретін жолға құлаған. 32 адамның өмірін жалмаған трагедия Сикхио ауданындағы жедел теміржол желісінің эстакадасы тұрғызылып жатқан жерде болды.
Накхонратчасима провинциясының денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, зардап шеккендердің жалпы саны - 99, қаза тапқандар – 32 адам, ауыр жарақат алғандар – жеті, орташа ауыр жарақат алғандар – 19, жеңіл жарақат алғандар – 38, хабар-ошарсыз кеткендер - үшеу.
Бұған дейін Пхукет аралының маңында туристер толы катер балық аулауға арналған кемемен соқтығысқан. Бортта экипаждың үш мүшесі және 52 турист болды, олардың арасында Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Ресей азаматтары да бар. ҚР Сыртқы істер министрлігі Таиландтағы апат кезінде зардап шеккен қазақстандық туристердің жағдайы туралы ақпаратпен бөлісті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:25, 16 ақпан 2026
Қазақстанда шағын бизнеске өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару ережесі бекітілді
-
09:16, 16 ақпан 2026
Алматы, Қонаев және Талдықорғандағы әскери техника: Қорғаныс министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады
-
09:03, 16 ақпан 2026
Қызылорда облысында мектеп оқушылары арасында ауқымды ұлттық ойындар өтті
-
20:01, 15 ақпан 2026
2026 жылғы Олимпиададағы тау шаңғысы: Александра Скороходова слалом-гигантта бақ сынады
-
18:16, 15 ақпан 2026
Қысқы Олимпиада: шорт-трекші Ольга Тихонова кезекті жарыс күнін аяқтады





