Жамбыл облысында аса ірі көлемдегі есірткі партиясымен бірге алматылық ер адам ұсталды
© Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Тараз қаласында ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел ақпаратты іске асыру барысында аса ірі көлемде синтетикалық есірткі затын сату мақсатында сақтаған ер адамды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Күдіктіні жеке тінту кезінде жалпы салмағы 29,31 грамм болатын 40 орам синтетикалық есірткі заты табылды. Сонымен қатар ол бұрын жасырған орнынан осындай 9 орамды көрсетті, аталған есірткі заттарының салмағы 11 грамм 4 миллиграммды құрады.
Одан бөлек, 30 жастағы алматылықтың Тараздағы уақытша тұратын мекенжайынан жалпы салмағы 919 грамм 92 миллиграмм болатын синтетикалық есірткі заты, сондай-ақ электронды таразылар, оқшаулағыш таспалар және ZIP-пакеттер тәркіленді.
Аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.
Тергеу амалдары жүріп жатыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:38, 16 ақпан 2026
Баста Ташкенттегі концертіне уақытында жете алмай, шоуды кейінге қалдырды
-
10:27, 16 ақпан 2026
Шайдоровтың жаттықтырушысы Олимпиадаға қалай дайындалғандарын көрсетті
-
10:18, 16 ақпан 2026
Алматы қаласының орталығында мейрамхананың жазғы террасасы сүрілді
-
10:07, 16 ақпан 2026
Алматыда Гиннестің рекордтар кітабына ұсынылатын 110 метрлік сырмақ әзірленуде
-
09:58, 16 ақпан 2026
Нұрлан Қоянбаев ауруханаға түсіп қалды





