Қостанайда аула ішінде әйелді қағып өлтірген қоқыс таситын көлік жүргізушісіне үкім шықты
© Сурет: Zakon.kz
Қостанайдың №2 соты жол қозғалысы ережелерін бұзып, абайсызда адамды қағып өлтірген жүргізушіге қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Соттың мәліметінше, қылмыстық іс "Тазалық-2012" ЖШС-не тиесілі "КамАЗ 43253" жүк көлігін басқарған В. есімді жүргізушіге қатысты қаралған. Оның әрекеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сараланған.
Сот анықтауынша, 2025 жылғы қазан айында Қостанайдағы аулалардың бірінде айыпталушы артқа қарай қозғалған кезде көлік құралын тұрақты бақылауды қамтамасыз етпей, сол бағытта қозғалып келе жатқан жаяу жүргінші К.-ны қағып кеткен. Алған жарақаттарының салдарынан әйел оқиға орнында қаза тапқан.
Сот жарыссөзінде мемлекеттік айыптаушы В.-ға 2 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру және 5 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Ал жәбірленушілер мен олардың өкілі бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындауды талап етті. Айыпталушы кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінетінін білдірді.
Жаза тағайындау кезінде сот айыпталушының кәмелетке толмаған баласының барын, жәбірленушілерге келтірілген мүліктік және моральдық зиянды ерікті түрде өтегенін, сондай-ақ кінәсін толық мойындағанын жеңілдететін мән-жайлар ретінде ескерді. Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.
Қылмыстың қоғамдық қауіптілік сипаты мен дәрежесін ескере отырып, сот В.-ны екі жылға бас бостандығынан айыруға, жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде өтеуге үкім етті. Сонымен қатар оған үш жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыру түріндегі қосымша жаза тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:51, 15 қаңтар 2026
Шығыс Қазақстан облысында полицейлер көлік ұрлаған жас жігітті ұстады
-
19:40, 15 қаңтар 2026
Лондонда өтетін «Арсенал» – «Қайрат» матчының билеттері сатылымға шықты
-
19:31, 15 қаңтар 2026
Екі алтын: Қазақстан құрамасы стенд атудан Азия чемпионатында бес медальға ие болды
-
19:25, 15 қаңтар 2026
Астанада жаңа Парламенттің негізгі өкілеттіктері талқыланды
-
19:10, 15 қаңтар 2026
Астанада 16 қаңтарда да оқушылар мен студенттер үйден оқиды





