Танымал мұнай маркасының бағасы күрт түсті

19:20, 26 маусым 2026

© Фото: unsplash

Әлемдік мұнай бағасы төмендеуін жалғастырып жатыр. Brent маркалы мұнайдың бір баррелінің құны 72,89 долларға дейін түсті.

Бұл – Иран мен АҚШ арасындағы қақтығыс басталғалы бергі ең төменгі көрсеткіш. Америкалық WTI маркалы мұнай да арзандап, бір баррелі шамамен 69 долларды құрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Interfax.ru мәліметінше, мұнай бағасының төмендеуі әлемдік нарыққа отын жеткізілімі қайта жандануы мүмкін деген күтулер аясында күшейді.

Қазақстан уақытымен сағат 16:19-дағы жағдай бойынша, тамыз айындағы Brent фьючерстері Лондондағы ICE Futures биржасында 2,37 долларға (3,15%) арзандап, бір баррелі 72,89 доллар болды. Ал NYMEX биржасында WTI маркалы мұнайдың бағасы 2,21 долларға (3,07%) төмендеп, бір баррелі 69,71 долларды құрады.

Сарапшылар бұл үрдісті Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасының қайта жандануымен байланыстырады. АҚШ Энергетика министрлігінің мәліметінше, соңғы бір тәуліктің өзінде бұл теңіз жолы арқылы 20 миллион баррель мұнай тасымалданған. Сонымен қатар, нарық Ираннан көмірсутек экспортының ұлғаюын күтіп отыр.

Еске салайық, АҚШ Иранның мұнай секторына қатысты санкцияларды уақытша алып тастаған болатын.

Сауд Арабиясының мемлекеттік Saudi Aramco компаниясы төрт айға жуық уақыт жұмыс істемеген Рас-Танура терминалы арқылы мұнай тиеуді қайта бастады. Қазір екі супертанкерге мұнай тиеліп жатыр, тағы бір кеме кезекте тұр. Олардың әрқайсысы 2 миллион баррель мұнай тасымалдауға қауқарлы.

Bloomberg агенттігінің бағалауынша, Парсы шығанағы елдерінен мұнай экспорты соғысқа дейінгі деңгейдің 75 пайызына жеткен.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!