Ақтөбеде әскери қызметтен босатуға уәде берген алаяқ әшкереленді
© Фото: pexels
Ақтөбеде полицияға әскери қызметке шақыруға байланысты медициналық комиссиядан өтіп жүрген 20 жастағы тұрғын жүгінді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жәбірленушінің айтуынша, бейтаныс азамат 250 мың теңге көлеміндегі сыйақыға әскери қызметтен кейінге қалдыру рәсімін жасап беруге уәде еткен. Оның сөзіне сенген жас жігіт көрсетілген соманы қолма-қол тапсырған. Алайда ақшаны алғаннан кейін күдікті байланысқа шықпай, берген уәдесін орындамаған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, оны полиция бөліміне жеткізді. Ол 21 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Тергеу барысында оның алған қаражатты жеке қажеттіліктеріне жұмсағаны анықталды.
Аталған факті бойынша алаяқтық дерегімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Полиция азаматтарды сақ болуға шақырды.
"Әскери қызметтен босату немесе кейінге қалдыру, жұмысқа орналастыру, мемлекеттік қызметтерді рәсімдеу сияқты мәселелерді ақша арқылы шешіп беремін деген адамдарға сенбеу қажет. Мұндай ұсыныстардың басым бөлігі – алаяқтық әрекеттері", – делінген хабарламада.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, әскери қызметке қатысты барлық шешімдер қолданыстағы заңнамаға сәйкес тек уәкілетті мемлекеттік органдар арқылы қабылданады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:12, 25 маусым 2026
Бадминтоннан жасөспірімдер арасындағы Азияның командалық чемпионаты: Қазақстан құрамасы белгілі болды
-
21:47, 25 маусым 2026
СҚО-да жүргізуші куәлігін рәсімдеуге уәде берген алаяққа үкім шықты
-
20:48, 25 маусым 2026
Кирилл Герасименко АҚШ-тағы беделді үстел теннисі турнирінде өнер көрсетеді
-
20:12, 25 маусым 2026
Петропавлда заңсыз еңбек мигранттарын пайдаланғандар әшкереленді
-
19:45, 25 маусым 2026
Жұмада елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды





