Мемлекет басшысының атынан Астанада бір топ БАҚ қызметкеріне пәтер берілді
© Фото: zakon.kz
Журналистердің кәсіби мерекесіқарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан бұқаралық ақпарат құралдарының бір топ қызметкеріне баспана берілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Dara" Президенттік бастамалар қорының ұйымдастыруымен өткен іс-шарада Президент кеңесшісі – Баспасөз хатшысыАйбек Смадияров медиа мамандарын мерекемен құттықтап, Мемлекет басшысының тапсырмасымен БАҚқызметкерлеріне пәтер беру бастамасы биыл төртінші жыл қатарынан жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.
– Бұл игі жобаның биылғы ерекшелігі –пәтерлер Астанада ғана емес, Алматыда, сонымен қатар еліміздің барлық облысында да берілетін болды. Мұндағы мақсат – өңірлік журналистиканы дамыту және әріптестерді әлеуметтік тұрғыда қолдау. Мереке қарсаңында облыстық ақпарат құралдарының қызметкерлері, сондай-ақ республикалық БАҚ-тардың жергілікті тілшілері қоныс тойын тойлағалы жатыр. Тіпті орталықтан шалғай елді мекендер де назардан тыс қалған жоқ. Мысалы, бұл жолы Қостанай облысының Арқалық қаласында және Түркістан облысының Созақ ауданында тұратынәріптестеріміз үйлі болмақ, – деді А.Смадияров.
Биыл БАҚ қызметкерлеріне 66 пәтер беріледі. Оның ішінде Астана қаласында –15, Алматы қаласында – 15, қалған 18 аймақта 2 пәтерден бөлінді.
Баспанаға үміткерлерді анықтау, пәтерлерді даярлау жұмыстарын "Dara" Президенттік бастамаларды қолдау қоры, Президенттің Іс басқармасы, жергілікті атқарушы органдар мен БАҚ редакциялары бірлесе жүргізді.
Атап өтерлік жайт, өткен үш жылдаПрезидент атынан БАҚ саласының 200 қызметкеріне баспана берілді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:07, 26 маусым 2026
Алматыда Мемлекет басшысының атынан отандық БАҚ қызметкерлері марапатталды
-
20:43, 26 маусым 2026
Қазақстанда оқушыларды бағалау жүйесін қайта қарау жоспарланып отыр
-
19:50, 26 маусым 2026
Венесуэладағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 500-ден асты
-
19:30, 26 маусым 2026
Жібек Құламбаева Польшадағы турнирдің финалына шықты
-
19:20, 26 маусым 2026
Танымал мұнай маркасының бағасы күрт түсті





