Қазақстандықтарға жалған айыппұл туралы SMS-хабарламаларға сенбеуге кеңес берілді
© Фото: gov4c.kz
Алаяқтар eGov.kz атынан қазақстандықтарға бар делінген айыппұлды немесе берешекті шұғыл төлеу туралы SMS-хабарламалар жіберіп жатыр. Бұл туралы 2026 жылғы 25 маусымда "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ (ҰАТ) мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомствоның мәліметінше, соңғы уақытта eGov.kz атынан жіберілетін алаяқтық хабарламалар көбейген.
"Қаскөйлер SMS-хабарламада eGov.kz ресми сайтына ұқсас жалған сайтқа апаратын сілтеме жібереді. Ол жерде пайдаланушыға шұғыл түрде бар делінген айыппұлды немесе қарызды төлеу қажеттігі туралы хабарланады. Азамат банк картасының деректерін енгізгеннен кейін ақша алаяқтардың шотына аударылады, – деп ескертті ҰАТ.
Ұлттық ақпараттық технологиялар қоғамға eGov.kz ресми порталы мен eGov Mobile мобильді қосымшасы айыппұл төлеу үшін бөгде сілтемелерге өтуді немесе үшінші тарап ресурстарында банк картасының деректерін енгізуді талап ететін хабарламалар жібермейтінін еске салды.
Еске салайық, бұған дейін, 2026 жылғы 23 маусымда, ҰАТ Қазақстанның Ұлттық куәландырушы орталығының (ҰКО) жеке кабинетіне кіру тәртібі күрделенгенін хабарлаған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:15, 26 маусым 2026
Олжас Бектенов: Үкімет халықтың нақты табысын арттыру үшін барлық қажетті шараны қабылдайды
-
13:08, 26 маусым 2026
Ұлттық банк теңгенің ресми бағамы белгіленетін шетел валюталарының тізімін кеңейтті
-
12:54, 26 маусым 2026
Алматы полициясы электросамокат жүргізушілеріне ескерту жасады
-
12:48, 26 маусым 2026
Қазақстанда бастауыш сыныптар үшін БЖБ мен ТЖБ-ны алып тастау мәселесі қарастырылып жатыр
-
12:32, 26 маусым 2026
Үкімет Бибісара Асаубаеваның азаматтығын ауыстыруы мүмкін деген ақпаратқа пікір білдірді






