Қасым-Жомарт Тоқаев армиядағы жаңа дәстүр қағидатын қолдады

15:07, 26 маусым 2026

© Сурет: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 26 маусымда XII халықаралық "Айбын" әскери-патриоттық жастар жиынына қатысып, Қазақстанда өскелең ұрпақты жан-жақты тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлінетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы ел алдында жастардың бойына Тәуелсіздік, егемендік, аумақтық тұтастық, азаматтардың заңды құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу, сондай-ақ Әділетті, құқықтық әрі прогрессивті Қазақстан құндылықтарын сіңіру міндеті тұрғанын атап өтті.

"Әскери қызмет нағыз патриоттарды тәрбиелеудің ең маңызды кезеңіне айналуы тиіс. Сондықтан мен армиялық дәстүрлерді "Адал азамат – Сарбаз – Отан қорғаушы" қағидаты негізінде жаңғырту бастамасын қолдадым. Енді әскери қызметтің үш негізгі кезеңі – әскерге шақыру, әскери ант қабылдау және запасқа шығару мемлекеттік хаттама талаптарына сай жаңа, салтанатты форматта өтеді. Бұл рәсімдерге ерекше мән мен символдық сипат беріп, ұрпақтар сабақтастығын нығайтады және жастар мен жалпы қоғам арасындағы армияның беделін арттырады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, әскери қызмет – үлкен мәртебе. Сондықтан Қарулы күштер қатарында абыроймен қызмет еткен әрбір азамат қоғамның құрметіне лайық.

"Біз әскери жолды таңдаған ұл-қыздарымен ата-аналар мақтанатындай жағдай жасауымыз керек. Іскер, жауапты патриотизм – әскери қызметті қоса алғанда, қай салада болмасын адал еңбек ету. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу мен азаматтық жауапкершілік әрбір жастың дүниетанымының негізіне айналуы тиіс. Бүгінде әлемде соғыстар мен әскери қақтығыстар жалғасып, мемлекеттерге санкциялар салынып, халықаралық ахуал барған сайын күрделене түсуде. Осындай кезеңде өз еліне бейжай қарау өзімізге де, азаматтарымызға да ауыр салдарға әкелуі мүмкін, – деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Президент 1 шілдеден бастап елдің одан әрі дамуына жаңа серпін беретін маңызды заңнамалық өзгерістер күшіне енетінін еске салды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!