Қасым- Жомарт Тоқаев Венесуэла президентінің міндетін атқарушыға көңіл айтты

09:03, 26 маусым 2026

© Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Венесуэла президентінің міндетін атқарушы Делси Родригеске көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Венесуэлада болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза тауып, зардап шегуіне байланысты Делси Родригеске көңіл айтты. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

"Осындай ауыр кезеңде қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, Сізге, жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ достас Венесуэла халқына көңіл айтамын. Табиғи апаттан қайтыс болған жандардың туыстарының сабырға келіп, болаттай берік болуын, ал жарақат алған азаматтардың тез арада сауығып, отбасыларына аман-есен оралуын тілеймін", – делінген жеделхатта.

Еске салайық, 25 маусымға қараған түні Венесуэла жағалауында екі рет жер сілкінді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!