Олжас Бектенов: Үкімет халықтың нақты табысын арттыру үшін барлық қажетті шараны қабылдайды
© Фото: primeminister.kz
Премьер-министр Олжас Бектенов 2026 жылғы 26 маусымда Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында халықтың табысын арттыруға бағытталған шаралар туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Үкімет басшысы биыл экономиканың барлық саласында халықтың нақты табысының өсуін қамтамасыз ету үшін қажетті жұмыстар жалғасатынын мәлімдеді.
"Биыл Үкімет жалпы экономика бойынша халықтың нақты табысының өсуін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды. Халықтың табысын арттыруға арналған жеке жоспар бекітілді. Онда біздің бағалауымыз бойынша азаматтардың нақты табысының өсуіне ықпал ететін барлық тетіктер жан-жақты қамтылған. Бұл – бүгінде импортталатын қажетті тауарлардың өндірісін дамыту, сондай-ақ мемлекеттік қолдауға ие кәсіпорындардың қарсы міндеттемелері аясында қызметкерлердің жалақысын көтеру сияқты шаралар. Біз бұл бағыттағы жұмысты жалғастырамыз", – деді Олжас Бектенов.
Премьер-министрдің айтуынша, мемлекеттік қолдау тек бизнесті дамытуға ғана емес, азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға да бағытталады.
Айта кетейік, 2026-2029 жылдарға арналған халықтың табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспарда жалақыны көтеру, сапалы жұмыс орындарын құру, халықтың борыштық жүктемесін азайту, кәсіпкерлікті дамыту, кадрларды даярлау және қайта даярлау, сондай-ақ әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру шаралары көзделген.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:40, 26 маусым 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынына қатысты
-
14:19, 26 маусым 2026
Жаңа оқу жылында қазақстандық оқушыларды қандай өзгерістер күтіп тұр
-
14:04, 26 маусым 2026
Ақмолада полицейлер жасөспірімді бір тәулікке жетпей іздеп тапты
-
13:59, 26 маусым 2026
СҚО-да полицейлер азаматтарға бет-жүзді тұмшалауға қатысты талаптарды түсіндіруде
-
13:47, 26 маусым 2026
Қазақстанда қай азық-түлік өнімдерінің бағасы арзандады





