Венесуэладағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 500-ден асты
© Сурет: РИА Новости
Венесуэлада болған жойқын жер сілкінісі салдарынан зардап шеккендер саны 2 980 адамға жетті. Қаза тапқандар саны 589-ға дейін өсті. Ондаған адам құтқарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы ел президентінің уәкілетті өкілі Делси Родригес мәлімдеді.
Іздестіру-құтқару жұмыстары үздіксіз жалғасып жатыр. Құтқарушылар ғимараттардың құлауынан кейінгі алғашқы 72 сағат аяқталғанға дейін мүмкіндігінше көп тірі қалған адамды табуға тырысуда. Мамандардың айтуынша, қаза тапқандар саны әлі де айтарлықтай артуы мүмкін.
Көптеген тұрғын хабар-ошарсыз кеткен. Олардың бірқатары анықталғанымен, әлі күнге дейін үйінді астынан шығарылған жоқ.
Ең көп зардап шеккен Ла-Гуайра штаты өңіріндегі жағдайды ел билігі ерекше бақылауға алды. Ла-Гуайра, Каракас және оған жақын аудандардағы жүздеген тұрғын баспанасыз қалды. Құтқарушылар тірі қалғандарды іздеп жатқан кезде, әскери қызметкерлер халыққа ауызсу мен азық-түлік таратып жатыр. Көмекке АҚШ Қарулы күштері де келді.
2026 жылғы 24 маусым кешінде Венесуэланың солтүстік-батысында магнитудасы 7,2 және 7,5 болатын екі қуатты жер сілкінісі тіркелді. Жер асты дүмпулерінің эпицентрлері бір-бірінен шамамен 10 шақырым қашықтықта орналасқан.
Табиғи апат салдарынан көптеген тұрғын үйлер мен мемлекеттік ғимараттар қирап, елдің басты әуежайы жұмысын тоқтатты.
Бұл жер сілкінісі Венесуэлада кейінгі 100 жылдан астам уақыттағы ең қуатты зілзала ретінде бағаланып отыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:07, 26 маусым 2026
Алматыда Мемлекет басшысының атынан отандық БАҚ қызметкерлері марапатталды
-
20:43, 26 маусым 2026
Қазақстанда оқушыларды бағалау жүйесін қайта қарау жоспарланып отыр
-
19:54, 26 маусым 2026
Мемлекет басшысының атынан Астанада бір топ БАҚ қызметкеріне пәтер берілді
-
19:30, 26 маусым 2026
Жібек Құламбаева Польшадағы турнирдің финалына шықты
-
19:20, 26 маусым 2026
Танымал мұнай маркасының бағасы күрт түсті





