Мектептерде смартфон қолданудың жаңа тәртібі әзірленіп жатыр
© Фото: pexels
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова 2026 жылғы 26 маусымда Үкімет кулуарында Қазақстан мектептерінде смартфон қолдану тәртібіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта ведомство мектептерде ұялы телефондарды пайдалану қағидаларын әзірлеп жатыр.
"Менің ойымша, жоғары сынып оқушыларына смартфон қолдануға рұқсат берілуі тиіс. Себебі көптеген пәндер онлайн-платформалар арқылы оқытылады. Сонымен қатар олар ҰБТ мен SAT емтихандарына дайындалады. Бұл мәселені әлі де педагогтермен талқылаймыз. Ал 7-сыныпқа дейінгі оқушылар сабақ басталғанда смартфондарын өткізуі керек, – деді Жұлдыз Сүлейменова.
Оның сөзінше, түпкілікті шешім әзірленіп жатқан қағидалар аясында қабылданады.
Еске салайық, 2026 жылғы 28 мамырда Сенат педагогтердің жекелеген міндеттеріне қатысты заңнамалық түзетулерді мақұлдаған болатын. Соған сәйкес, "Білім туралы" заңға енгізілген өзгерістер негізінде Оқу-ағарту министрлігіне орта білім беру ұйымдарында оқушылардың ұялы байланыс құрылғыларын пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту құзыреті берілді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:15, 26 маусым 2026
Олжас Бектенов: Үкімет халықтың нақты табысын арттыру үшін барлық қажетті шараны қабылдайды
-
13:08, 26 маусым 2026
Ұлттық банк теңгенің ресми бағамы белгіленетін шетел валюталарының тізімін кеңейтті
-
12:54, 26 маусым 2026
Алматы полициясы электросамокат жүргізушілеріне ескерту жасады
-
12:48, 26 маусым 2026
Қазақстанда бастауыш сыныптар үшін БЖБ мен ТЖБ-ны алып тастау мәселесі қарастырылып жатыр
-
12:32, 26 маусым 2026
Үкімет Бибісара Асаубаеваның азаматтығын ауыстыруы мүмкін деген ақпаратқа пікір білдірді





