Студент қыз сегізінші қабаттан құлап, аман қалды
© Фото: Zakon.kz
АҚШ-та Джорджия университетінің 21 жастағы студенті сегізінші қабаттан құлап кетсе де, тірі қалды. Қыз ашық терезенің алдында Майли Сайрустың әніне билеп жүріп, тепе-теңдігін жоғалтып, бассейн жанындағы алаңға құлаған, деп хабарлайды Zakon.kz.
PEOPLE басылымының 2026 жылғы 16 қарашадағы мәліметінше, оқиға 26 қыркүйекте Афина қаласында болған.
Джорджия университетінің 21 жастағы студенті Кристин Сарджент Rambler Athens тұрғын үй кешеніндегі пәтерінің терезесінен шамамен 20 метр биіктіктен құлап, бассейн жанындағы алаңға түскен.
Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлері қыздың жамбас сүйегі ашық сынғанын және кеуде тұсында жарақат барын анықтап, оны ауруханаға жеткізген, – делінген хабарламада.
Достарының айтуынша, оқиғаға аз уақыт қалғанда қыз диванның үстінде "The Climb" әніне билеген. Сол кезде аяғы тайып кетіп, москит торы орнатылған ашық терезеден шалқасынан құлаған. Құлаған кезде жолындағы темір шезлонгқа соғылуы аман қалуына септігін тигізген.
Оқиға орнына келген қызметкерлердің кеуде камерасына түсірілген кадрларда дәрігерлердің студентке көмек көрсетіп жатқаны көрінеді. Қыз сол сәтте есін білген.
"Маған ешкім жамандық жасаған жоқ", – деген Кристин Сарджент.
Кейін дәрігерлер қыздың жағдайы жақсарып келе жатқанын растады.
Жәбірленушінің әкесі Ричард Сарджент журналистерге қызы аман қалғанына өзі де сенбей жүргенін және достарымен сөйлесе бастағанын айтқан.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
00:29, 17 қараша 2026
Таеквондодан Астанадағы Гран-при финалына қатысатын қазақстандықтар анықталды
-
22:40, 16 қараша 2026
Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасындағы соңғы матчта Словакияны жеңе алмады
-
22:35, 16 қараша 2026
Атырау тұрғыны смарт-сағат үшін жанжал шығарып, үш жылға сотталды
-
22:01, 16 қараша 2026
17 қарашадан бастап жолы болатын үш жұлдыз белгісі
-
21:51, 16 қараша 2026
«Ұшақта бір жарым сағаттан бері отырмыз»: Алматы – Гоа рейсі Делиге шұғыл қонды





