Димаш Құдайберген Мексикадағы ерекше сыйлығын көрсетті
© Сурет: Instagram/kudaibergenov.dimash
Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген отандық өнерпаздар Темірлан Олжабай, Расул Усманов, Олжас Құрманбек және Ернат Наурызбен бірге Мексиканың Монтеррей қаласының көшелерінде ерекше музыкалық импровизация жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Видео Instagram желісінде жарияланды. Кадрлардан музыканттардың Димаш бейнеленген муралдың жанында би билеп, қазақтың ұлттық аспаптарында ойнағанын көруге болады. Әнші жанкүйерлерінің мұндай сыйы өзі үшін күтпеген жағдай болғанын айтты.
"Монтеррей, сіздер мені таңғалдырдыңыздар! Осы әсем қаланың көшелерінің бірінен өз бейнемді муралдан көру – мен үшін үлкен сыйлық", – деп жазды өнер иесі.
Жарияланымға әлемнің түкпір-түкпіріндегі жанкүйерлер жылы лебіздерін білдірді.
– Монтеррейдегі жанкүйерлерге Димашқа осындай керемет сый жасағаны үшін рақмет! Ал Димашқа осындай ерекше адам әрі үздік өнер иесі болғаны үшін алғыс айтамыз!
– Bésame Mucho және Historia de un Amor әндерінің студиялық нұсқаларын тыңдағымыз келеді! Даусыңызды ерекше жақсы көреміз! Испан тілінде ән салғаныңызды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес!
– Музыкаңыз арқылы бізге сыйлаған махаббатыңыз сізге алғысымызды білдіруге шабыттандырады. Сізді шексіз жақсы көреміз, қымбатты Димаш!
– Қандай керемет махаббат көрінісі! Қымбатты Димаш, сіз бүкіл әлемнің махаббатына лайықсыз. Аргентинаның Мендоса қаласынан сізге махаббат пен табыс тілеймін!
Бұған дейін Димаш Құдайбергеннің бала күнгі арманын орындағаны хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:03, 16 қараша 2026
Әкесінің салғырттығынан бес жастағы қыз абайсызда сіңлісін атып өлтірді
-
09:54, 16 қараша 2026
Шығыс Қазақстанда тас көшкіні жолды жартылай бөгеді
-
09:42, 16 қараша 2026
48 сағатта үш жұп егіз: Маңғыстауда ерекше жағдай тіркелді
-
09:38, 16 қараша 2026
АҚШ-та ер адам бұрынғы әйелінің құрбысын жержаңғақ пастасы арқылы өлтірмек болған
-
09:17, 16 қараша 2026
Жәнібек Әлімханұлы күтпеген шешімінің себебін түсіндіріп, жанкүйерлерін қызықтырып қойды





