Қыс келуге асығар емес: Алматыда күн суытқаннан кейін ауа температурасы +13°С-қа дейін көтеріледі

14:15, 16 қараша 2026
MKZ: 1577953

© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев

2026 жылдың қарашасы құбылмалы ауа райымен таңғалдырып отыр. "Қазгидромет" РМК синоптиктері еліміздің үш ірі қаласына арналған 17, 18 және 19 қарашадағы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астанада күн аздап жылынғаннан кейін түнгі ауа температурасы -7°С-қа дейін төмендейді. Ал Алматы мен Шымкентте, керісінше, күн жылып, ауа температурасы тиісінше +13°С және +20°С-қа дейін көтеріледі. Жаңбыр тек Шымкентте жауады. Қалған екі қалада жауын-шашын күтілмейді.

Астана

- 17 қараша: күн ала бұлтты болады. Баяу жел соғуы мүмкін. Ауа температурасы түнде -6…-8°С, күндіз +2…+4°С.

- 18 қараша: күн ала бұлтты болады. Күндіз желдің екпіні секундына 12 метрге дейін жетуі мүмкін. Ауа температурасы түнде -2…-4°С, күндіз +2…+4°С.

- 19 қараша: күн ала бұлтты болады. Желдің жылдамдығы секундына 5–10 метр. Ауа температурасы түнде -5…-7°С, күндіз 0°С шамасында.

Алматы

- 17 қараша: күн ала бұлтты болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде -2…-4°С, күндіз +5…+7°С.

- 18 қараша: күн ала бұлтты болады. Баяу жел соғуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 0…+2°С, күндіз +9…+11°С.

- 19 қараша: күн ала бұлтты болады. Ауа температурасы түнде 0…+2°С, күндіз +11…+13°С.

Шымкент

- 17 қараша: күн ала бұлтты болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Желдің жылдамдығы секундына 5–10 метр. Ауа температурасы түнде +2…+4°С, күндіз +14…+16°С.

- 18 қараша: күн ала бұлтты болады, таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +6…+8°С, күндіз +14…+16°С.

- 19 қараша: күн ала бұлтты болады. Күндіз желдің екпіні секундына 13 метрге дейін жетуі мүмкін. Ауа температурасы түнде +6…+8°С, күндіз +18…+20°С.

Алдағы үш күнге арналған еліміз бойынша ауа райы болжамымен мына сілтеме арқылы танысуға болады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!