Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚК-нің жаңа төрағасын таныстырып, бірқатар міндет жүктеді
© Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) басшылығымен кеңес өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2026 жылғы 16 қарашада Ақорданың Telegram-арнасында хабарланды:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жаңа төрағасы Марат Ирменовті таныстырып, оған бірқатар міндет жүктеді. Президент ұлттық қауіпсіздік органдары жүйесін реформалау, ведомство алдына қойылған мақсаттарға жетудің жаңа тәсілдерін әзірлеу және қызмет тиімділігін арттыру қажеттігіне тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев "Заң мен Тәртіп" қағидатының орындалуына, мемлекеттің экономика саласындағы ұлттық мүддесін қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа және басқа да заң бұзушылықтарға қарсы іс-қимылға баса назар аудару керек екенін атап өтті.
Сонымен қатар Президент кадрларды іріктеу тәртібін жетілдіру, әлеуметтік-экономикалық тұрақтылыққа төнетін қауіптің алдын алу, басымдыққа ие мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысында жемқорлық тәуекелдерін болдырмау жөніндегі профилактикалық шараларды күшейту туралы тапсырма берді.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Ермек Сағымбаевты ҰҚК төрағасы қызметінен босатқан еді. Оның орнына Марат Ирменов тағайындалды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:55, 16 қараша 2026
Қазақстанда ағаш материалдарының жекелеген түрлерін әкетуге тыйым салу мерзімі ұзартылады
-
11:46, 16 қараша 2026
Қазақстанның екі облысында қар мен қар аралас жаңбыр жауады: 16 қарашаға арналған жол болжамы
-
11:32, 16 қараша 2026
ҰҚК-нің жаңа төрағасы тағайындалды
-
11:23, 16 қараша 2026
Ермек Сағымбаев ҰҚК төрағасы қызметінен босатылды
-
11:14, 16 қараша 2026
ШҚО-да қоғамдық орындарды ластаған үш тұрғын жауапқа тартылды





