17 қарашада Қазақстанның қай өңірлерінде жаңбыр, қар жауып, көктайғақ болады

18:23, 16 қараша 2026
MKZ: 1578022

© Фото: unsplash

2026 жылғы 17 қараша, сейсенбіде Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында және оңтүстігінде жаңбыр мен қар жауады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК синоптиктері мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Метеорологтердің мәліметінше, елдің қалған бөлігінде жауын-шашын болмайды.

Сонымен қатар республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.

"Батыс, солтүстік және солтүстік-батыс өңірлерде көктайғақ болуы мүмкін", – делінген "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бұдан бөлек, Қызылорда облысының оңтүстік-батысы мен солтүстігінде, Алматы облысының солтүстігі мен шығысында, сондай-ақ Жетісу облысының оңтүстік-шығысында өрт шығу қаупі жоғары болады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!