«Ұшақта бір жарым сағаттан бері отырмыз»: Алматы – Гоа рейсі Делиге шұғыл қонды
© Фото: unsplash
Үндістанда Алматыдан Гоаға бағыт алған FlyArystan әуе компаниясының ұшағы Делидегі әуежайға амалсыз қонды. Жолаушылар рейстің кешігіп жатқанын айтып, қонақүйге орналастыруды күтіп отырғандарын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға Алматы – Гоа бағыты бойынша қатынайтын FS7415 рейсімен болған. Жоспардан тыс қону туралы жолаушылар әлеуметтік желіде жазды.
Threads желісінің isataevaalma есімді қолданушысының айтуынша, Үндістан астанасына қонғаннан кейін жолаушыларға әрі қарай не істеу керегі туралы нұсқау берілгенше, ұшақ салонында бір сағаттан астам уақыт күтуге тура келген.
"Ұшақта бір жарым сағаттан бері отырмыз. Қонақүйге қашан орналастыратынын күтіп отырмыз. Өйткені баратын жерімізге қашан жететініміз белгісіз", – деп жазды жолаушы.
Кейін жағдайға әуе компаниясы түсініктеме берді. FlyArystan өкілдері рейстің Делиге амалсыз қонғанын растады.
Әуе компаниясының мәліметінше, рейс операциялық себептерге байланысты кешігіп жатыр. Сонымен қатар компания жолаушылар мен экипаждың қауіпсіздігі басты басымдық екенін атап өтті.
"Күту кезінде жолаушыларды қонақүйге орналастыру және тамақпен қамтамасыз ету қарастырылған. Жаңалықтарды бақылап отыруды сұраймыз. Ұшу кестесіндегі өзгерістер туралы ақпарат брондау кезінде көрсетілген байланыс деректеріне жіберіледі", – деп хабарлады FlyArystan.
Сондай-ақ әуе компаниясы бұл рейстің чартерлік екенін еске салды. Билет ақшасын қайтару немесе басқа рейске ауыстыру мәселесі бойынша жолаушыларға билетті сатып алған орынға тікелей хабарласуға кеңес берілді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:27, 17 қараша 2026
Атырауда 90 жасқа таяған қария туған ұлының зорлығын сотта айтып берді
-
21:52, 17 қараша 2026
Ақтауда полицей суға батып бара жатқан ер адамды құтқарып қалды
-
21:25, 17 қараша 2026
Конькимен жүгіруден әлем кубогының екінші кезеңі: Қазақстан құрамасының тізімі
-
20:46, 17 қараша 2026
18 қарашада қыс қаһарына мінеді: Қазақстанның 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
20:38, 17 қараша 2026
Супермаркетте 500 мың теңгесінен айырылып қала жаздаған зейнеткерді қала тұрғыны құтқарып қалды





