Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасындағы соңғы матчта Словакияны жеңе алмады

22:40, 16 қараша 2026
MKZ: 1578059

© Сурет: kff.kz

Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының топтық кезеңіндегі соңғы ойында Словакиямен тең түсті. Астанада өткен кездесу 2:2 есебімен аяқталды. Қонақтар қосымша уақыттың соңғы минуттарында есепті теңестірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Матчтағы алғашқы голды бірінші таймның 29-минутында Ислам Чесноков соқты. Ол Ғалымжан Кенжебектің нәтижелі пасынан кейін Қазақстан құрамасын алға шығарды.

Үзілістен кейін Словакия құрамасы есепті теңестірді. 56-минутта Роберт Боженик мергендік танытты.

65-минутта Ғалымжан Кенжебектің екінші нәтижелі пасынан кейін Ян Вороговский Қазақстанды қайтадан алға шығарды.

Алайда алаң иелері жеңісті есепті сақтап қала алмады. 90+5-минутта алаңға қосалқы құрамнан шыққан Адриан Капралик Стас Покатиловтың қақпасына гол соғып, Словакия құрамасына тең нәтиже сыйлады.

Айта кетейік, Словакия құрамасы бұл кездесуге дейін-ақ 3-топта бірінші орын алып, В дивизионына жолдама алған болатын.

Ал Қазақстан құрамасы алты матчта үш ұпай жинап, бірде-бір жеңіске жете алмады. Осылайша топтық кезеңді соңғы, төртінші орында аяқтады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!